Анна Ардованың спектакль-концерті
Ресейдің халық әртісі Анна Ардова өткізетін спектакль-концерт - қапы қалмарлық ерекше мәдени шара!
Сіздерді жарқын, бой түршігерлік және таңғажайып дарынды актрисамен жүрекжарды кездесу күтуде. Ол театрда, кино мен теледидарда көрермендерге ұмытылмас бейнелер сыйлап келді. Анна кеңінен танымал «Одна за всех» әзіл-сықақ бағдарламасындағы рөлімен көпшілікке таныс!
Анна Ардованың спектакль-концерті - естен кетпес әсерлер қалдырар мәдени іс-шара!
Осынау ұмытылмас кеште Анна өзінің отбасы өмірінен таңғажайып әңгімелермен бөліседі, «Күміс ғасыр» дәуірінің атақты тұлғаларының олардың үйіне қалай келгені туралы, сондай-ақ актерлік жолындағы алғашқы қадамдары, театр мен кино саласындағы жұмыстары жайлы өнер тілімен әңгімелейді.
Александр Вертинскийдің романс-әндері мен фильмдер мен мюзиклдерден әндер орындау - бұл кеште Анна Ардованың жаңа қырын ашып, тыңдаушыларға жаңа әсер сыйламақ!
Концертмейстер Анна Петухова аранжировкасымен айтылған тірі дауысы сізге ең жарқын және әсерлі сезімдер мен эмоцияларға бөлері сөзсіз.
Ресейдің халық әртісі Анна Ардовамен бірге өтетін осынау айтулы кештен қапы қалмаңыздар, нағыз ұмытылмас сәт болары кепіл!