тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Ата заң - азат елдің аркауы!

Билет сатып алу

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты мерекелік концерт 2025 жылғы 29 тамыз күні сағат 19:00-де елорданың ең көрікті мәдени ошақтарының бірі – Астана қаласы Амфитеатрында өтеді.

Бұл мерекелік шара – Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойына орайластырылып, ел дамуының саяси, құқықтық және рухани іргетасы саналатын Конституцияның тарихи маңызын дәріптеуді көздейді. Конституция – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.

Кеш барысында Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары елорда тұрғындары мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Отанға деген сүйіспеншілікті, бірлік пен ынтымақты паш ететін музыкалық туындыларын орындайды.

Концерттік бағдарламаға қатысатын әртістер:

  • Қайрат Баекенов
  • Маржан Арапбаева
  • DOS тобы
  • Медет Салықов пен Клара Төленбаева
  • Зарина Божакова
  • Нұрбол Балапанов
  • Тұрар Төлеутай
  • Мәди Сыздық

Кештің хедлайнері – ALEM

Мерекелік концерттің басты мақсаты – патриоттық сезімді күшейту, жастарға елдік құндылықтарды дәріптеу, мәдениет пен өнер арқылы қоғамдағы бірлікті нығайту және халықтың рухани өмірін байыту.