97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Қ. Қуанышбаев атындағы драма театры

Халық аспаптар ансамблінің концерті

Билет сатып алу

Күз – адамзаттың сағыныш айы. Мектепке асыққан оқушының сағынышы, қара жерге асыққан жапырақтың сағынышы, егістіктегі мол жемісіне асыққан бағбанның сағынышы, алыстап кеткен достардың қауышуға деген сағынышы, бойжеткен мен бозбаланың махаббат сағынышы, ақынның қаламына, суретшінің күзгі эллегияға деген сағынышы... Байқайсыз ба, бәрі сағыныш. Осы Қоңырау соққан күз атты концертімізде бір-бірімізге деген сағынышымызды басып, көңілімізді әсем ән мен тәтті күйге бөлеп, шер таратып,ықыласпен тыңдайық. Әдемі әуен, сазды күй жан-дүниемізді толғытып, рухани қазынамыздың толуына әсерін берер.