«Щелкунчик» балеті Алматы қаласында
«Щелкунчик» - балет сахнасының ең танымал ертегісі. П.И.Чайковскийдің бүкіл әлемге танымал таңғажайып жаңажылдық туындысы.
Щелкунчик атты қуыршаққа сиқырланған сымбатты да айбатты ханзада, мейірімді де батыл Маша есімді ұыз бен олардың хас жауы Тышқан патшасы туралы жаңа жылдық ертегі ересек және кішкентай көрермендерін әрдайым қуантады.
Қойылымның әлем балетінің інжу-маржаны атануы бекер емес. Тұсаукесер күнінен бастап-ақ туынды әлемдік сахналарда үлкен жетістіктермен қойылым келеді.
«Щелкунчик»-тің оқиға желісі Жаңа Жылда орын алуымен шектелмей, оқиғаның сиқырлығы мен құпияға толы шытырмандары оны Жаңа Жылдың басты бейнесіне айналдырды.
«Классикалық орыс балетінің» нұсқасындағы аты аңызға айналған «Щелкунчик» спектаклі - керемет декорациялар мен костюмдермен көмкерілген классикалық қойылымдағы жарқын, қайталанбас балет-феерия.
«Классикалық орыс балеті» - мәскеулік классикалық би труппасы. Белсенді шығармашылық өмірінде компания өзін Ресейдегі балет мектептерінің үздік өкілдері, дарынды болашағы бар жастар мен еңбек сіңірген би шеберлері кірген кәсіби дамушы ұжым ретінде танытты. Бүгінгі таңда балет труппасының негізін Мәскеу хореография академиясының, А.Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының (Санкт-Петербург) және Ресейдің басқа да танымал балет мектептерінің түлектері құрайды. Классикалық орыс балетінің ұжымын қалыптастыруға оның көркем жетекшісі, театрдың солисі Хасан Усманов қатысқан болатын.