97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Астана Балет

Ballet Gala «Астана Балетте»

Билет сатып алу

«Астана балет» театры XII театр маусымының ашылуына арналған «Ballet Gala» концерттік бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаға театр репертуарының сан түрлі жарқын қойылымдары кіреді.

Гала-концерт - бұл нағыз би сиқыры, сезімдердің отшашуы және әртістердің керемет шеберлігі! Өнер ұсынудың бұл түрі бір кеште сүйікті қойылымдардың үздік сәттерін қайта тамашалағысы келетін тұрақты көрермендерге де, театрдың қойылымдарымен алғашқы танысу үшін келген қонақтарға да өте қолайлы екені хақ. Көрермен жарқын костюмдер мен безендірулер аясында шебер түрде ұсынылатын жеке, дуэтті және жалпы балет нөмірлерінің үйлесімді тізбегін тамашаламақ.

Кештің бағдарламасында классикалық және неоклассикалық қойылымдардан үзінділер; авторлық және ұлттық балеттер; сондай-ақ концерттік бағдарламалардан хореографиялық миниатюралар ұсынылады.