тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Бекзат» Премьера!

Билет сатып алу
Билет сатып алу
Билет сатып алу
Билет сатып алу

Түркістан музыкалық драма театры өзінің V маусымын халық қаһарманы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың жарқын бейнесіне арналған жаңа қойылыммен ашады.

Қуат Ежембектің «Бекзат» драмасы – тек бір спортшының тағдыры емес, тұтас бір ұлттың арманын арқалаған қайсар ұлдың өмір жолы. Шығармада балалық шағынан бастап шаршы алаңдағы жеңістеріне дейінгі күресі, ата-анасының үміті мен алаңы, бапкерінің сенімі, жастықтың албырттығы және арманға адалдығы суреттеледі.

Бұл қойылым – намыс, ар, рух, жеңіске деген жігер жайлы. Сондай-ақ көрерменге «ертеңге сену», «арманың үшін күресу» секілді биік ұғымдарды тағы бір мәрте еске салады.

Актерлар: Қадыржан Төреханов, Данияс Нұрқабден, Аида Серікова, Темірлан Еркінғалиев, Мұзафар Ғалымжанұлы, Дінмұхаммед Алпысбек, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Мерей Құдайберген, Шерхан Саматұлы, Ұлан Әділбек, Шұғыла Жәнібекова, Болатбек Оспан, Ақбөпе Сабет, Инабат Абытхан, Досымжан Арқабеков, Темір-Сұлтан Мейірбек