БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ
Қазақконцерт Республика күніне орай «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» ұлттық өнер мерекесін ұсынады.
«Біздің жәрмеңке» – сахналық қойылыммен әрленген нағыз мерекелік кеш. Бағдарламада ән мен би, күй мен театрландырылған көріністер тоғысып, көрерменді ұлттық дәстүр мен заманауи өнер тоғысқан ерекше әлемге жетелейді. Әр бөлім өзара мазмұндық байланыспен жалғасып, сахнада жәрмеңке рухы шынайы түрде бейнеленеді. Халық әндері мен заманауи шығармалар жаңа қырынан ұсынылып, вокалдық және хореографиялық қойылымдар үйлесімді өрбиді.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құмарбек Қалқатай, Елмұра Жаңаберген, Нұрболат Арзамасұлы, «Шапағат» медалінің иегері Перизат Омарбекова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Ардақ Елеусіз, Күнсұлу Түрікпен, Аяулым Қамажан, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Қайрат Айтбаев, Перизат Тұрарова, Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Венера Табыс, Ақерке Тәжібаева, Бауыржан Мұхаметбай, Жанту Дадабаев, Әлихан Дүйсенбай, Тоғжан Үмбет, Жаслан Кәрімов, сондай-ақ, «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Birlik» ансамблі және ұжымның көркемдік жетекшісі - Анель Марабаева.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.png?w=220&h=300)