тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

CELLO драйв

Билет сатып алу

«CELLO драйв»

концерті

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Виолончель әуезінің тереңдігі – тағатсыз күту азабын аңдатуға ең қолайлысы... Виолончель қанша асықса да, ол дыбысты бөгейді. Брамстан сұраңыз – ол мұны біледі. Дантеден сұраңыз – ол мұны естіген».

Осип Мандельштам

«CELLO драйв» концертінде «Viva Celli» виолончельшілер ансамблі жаңа бағдарламасын ұсынады. Көркемдік жетекші Дәулет Шәкіров опера классикасын камералық орындауға бейімдеген өңдеуші ретінде өнер көрсетеді.

Виолончельдің көркемдік мүмкіндіктері мол әрі орындау техникасы мұқият ойластырылған, жеке, ансамбльдік және оркестрлік аспап ретінде пайдаланылады.

Ансамбль құрамына халықаралық байқаулардың лауреаттары – «Астана Опера» симфониялық оркестрімен, сондай-ақ жеке және ансамбльмен белсенді концерттер беріп жүрген музыканттар кіреді.

«CELLO драйв» концертінде музыканттар барокко классиктерінен бастап қазақстандық авторлардың виолончельге арналған заманауи өңдеулеріне дейінгі шығармалары шырқалатын бағдарлама ұсынады.

Осы кеш классикалық музыка бағалаушылары үшін нағыз мерекеге айналмақ. Ансамбльдік ойынның шабытқа толы шеберлігінің айрықша әлемін тану мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«VIVA CELLI» виолончельшілер ансамблі:

Дәулет ШӘКІРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Курванжан АХАТОВ

Айдар ҚАЗКЕН

Балжан КҰДИЯРОВА

Мағжан САҒАДИ

Нұрисламбек ЖҰМАТОВ

Дария КЕНЖЕНБАЕВА

Ажар Қадырова

Концерт қатысушылары:

Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)

Әнел ШӘКІРОВА (скрипка)

Айя ҒАББАСОВА (скрипка)

Ахмет СҰЛТАНОВ (альт)

Дияржан АХАТОВ (виолончель)

Анатолий ЯКУШКИН  (контрабас)

Алексей Косырев (флейта)

Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жоба авторы және «VIVA CELLI»  ансамблінің жетекшісі -

Дәулет ШӘКІРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

БАҒДАРЛАМА:

П.Локателли. Виолончель мен фортепианоға арналған соната, ре-мажор (К.Пьятти әрлеуі)

Ж.Б.Барье. Екі виолончельге арналған соната, соль мажор

Л.Боккерини. Ішекті аспаптар квинтеті, до мажор (Д.Шәкіровтің ыңғайлауы)

Дж.Пуччини. «Тоска» операсынан Каварадоссидің ариясы (Д. Шәкіровтің ыңғайлауы)

Е.Брусиловский. «Қыз Жібек» операсының тақырыптарына фантазия (Д.Шәкіровтің ыңғайлауы) 

К.Сен-Санс. «Самсон мен Далила» операсынан Далиланың ариясы (Д.Шәкіровтің ыңғайлауы)

И.С.Бах. №2 оркестрлік сюитадан менуэт және скерцо («Әзіл»), си минор

Ж-Ф.Рамо. «Биязы Үндістан» опера-балетінен рондо («Жабайылар биі») (Д.Шәкіровтің ыңғайлауы)   

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.