тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

DALA VOICES

Билет сатып алу

 

DALA VOICES

концерті

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

DALA VOICES концерті – бұл опера әншілерінің жаңа буынын біріктіретін вокалдық классика кеші. Концертке қатысушылардың барлығы – қазақстандық вокал мектебін түрлі шетелдік сахналарда лайықты танытып жүрген беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары.

Көрермен қауымды дирижер Руслан Баймурзиннің басқаруындағы «Астана Опера» камералық оркестрінің сүйемелдеуінде жас та жалынды дауыс иелерін тамсана тыңдауға бірегей мүмкіндік күтуде. Жобаның көркемдік жетекшісі – танымал опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина.

Бағдарламада – батыс еуропалық, орыс және қазақстандық опера классикасының жауһарларынан ариялар мен көріністер.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ұлпан ӘУБӘКІРОВА (сопрано)

Лейла АЛАМАНОВА (сопрано)

Фируза РАХМЕТОВА (сопрано)

Дильназ ОМАРХАНОВА (сопрано)

Балуан БЕРКЕНОВ (тенор)

Талғат АЛЛАБИРИНОВ (тенор)

Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ, Халықаралық байқаулардың лауреаты (баритон)

Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. (баритон)

Азат МӘЛІК, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (баритон)

Сұлтан БАҚЫТЖАН (баритон)

«Астана Опера» театрының камералық оркестрі.

Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН, «Құрмет» орденінің иегері

Жобаның көркемдік жетекшісі – Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Концерт жүргізушісі – Айсұлу ТӘНИ

Концерт бағдарламасында – батыс еуропалық, орыс және қазақстандық композиторлардың операларынан ариялар мен көріністер.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді