Әйелдік іс шебері (КАТМК)
Голохвастов, қойылымның кейіпкері, өзекті де күрделі мәселенің шешімін таппақшы: қайсысы дұрыс - табысты үйлену ме, әлде махаббатпен үйлену табысына жету ме? Екі қоянды бір оқпен атпақшы болған жігіт пайдалы мен жағымдыны үйлестіремін деп, толықтай құрдымға жетеді.
В. Ильин мен В. Лукашовтың «Әйелдік іс шебері» музыкалық комедиясы украиндық музыкалық комедияның дәстүрлерін жалғастыруда. Композиторлар жанрға толықтай сәйкес үйлесімді музыканы жазумен қатар, қызықты шытырманның бейнесін дәл бейнелейтін театрлық туындыны жарыққа шығарды. Лирикалық, әзілкештік, сатирикалық, сауықтық арасындағы айырмашылықтың дәл табылғаны қойылымды аса ерекшеліндіреді.
Қойылым қарапайым, бірақ уақытпен тексерілген шындықты ашық және жай түрде тұжырымдайды:
Адал өмір сүр, алдама.
Шынайы сүй.
Сонда... бақыт өзін ұзақ күттірмейді!