Мәдениеттер диалогы: Венадан Ұлы далаға дейін
«Қазақквартет шақырады» топтамасы
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің
30 жылдығы
«Мәдениеттер диалогы: Венадан Ұлы далаға дейін»
концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті – өз жанкүйерлері бар әрі республикамызда және одан тыс жерлерде камералық музыканы белсенді насихаттап жүрген кәсіби шеберлігі жоғары музыканттар ұжымы.
2025 жыл – Ғ.Жұбанова атындағы квартет үшін мерейтойлық жыл: 30 жыл бойы танымал ұжым классикалық музыка сүйер қауымды сан алуан концерттік бағдарламаларымен, жарқын фестивальдік әрі гастрольдік өнер көрсетулерімен қуантып келеді.
«Мәдениеттер диалогы: Венадан Ұлы далаға дейін» концертінде дәстүрлі түрде әлемдік музыка өнерінің жауһарлары – веналық классик Йозеф Гайднның, австриялық романтик Франц Шуберттің ішекті аспаптар квартеттерімен қатар қазақстандық композитор Арман Жайымның өңдеуіндегі Тәттімбеттің «Қосбасар» күйі де орындалады.
БАҒДАРЛАМА:
Й.Гайдн. № 5 ішекті аспаптар квартеті, ор. 33, соль мажор (`Wie geht es dir?`)
«Орыс квартеті» («Қалың қалай?»)
1. Vivace assai
2. Largo cantabile
3. Scherzo – Trio
4. Finale. Allegretto
Ф.Шуберт. № 13 ішекті аспаптар квартеті, ля минор, Rosamunde D 804
1. Allegro ma non troppo
2. Andante
3. Menuetto – Allegretto – Trio
4. Allegro moderato
Тәттімбет. «Қосбасар» (6-нұсқа), А.Жайымның өңдеуі
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:
Айдар ТОҚТАЛИЕВ (1-ші скрипка)
Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)
Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)
Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)
Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ернар Мыңтаев
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
