«Үйге апарар жол» спектаклі
«Үйге апарар жол» спектаклі Сон Лаврентий мен Ли Станиславтың «Жад» пьесасының желісімен қойылған. Бұл туынды - 1937 жылы Қиыр Шығыстан қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған корей халқының тағдырына арналған тарихи драма. Қойылымда бірнеше отбасының тағдыры арқылы қоныс аударушылардың алғашқы жылдардағы ауыр өмірі мен Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі күрес жолы бейнеленеді. Тағдыр тәлкегіне қарамастан, олар адами қасиеттерін жоғалтпай, сенім мен достықты, махаббат пен үмітті сақтап қалады. Бұл үміт - болашақ ұрпаққа шындықты жеткізетін күш. Спектакльдің өзегінде - қазақ халқының кең пейілі мен мейірімі, өзге ұлт өкілдерімен бөліскен соңғы нанымен де, баспанасымен де танытқан адамгершілігі жатыр.
Рөлдерде:
Әңгімелеуші - Ли Наталья
Ким Николай - Цой Денис
Ким Гильман - Махпиров Әлішер
Чо Сунок - Когай Виктория
Ёнжин - Ким Григорий
Пак Анна - Самиева Талшын
Пак Петр - Пак Эдуард
Ю Хэсон - Ким Надежда
Әже - Пяк Антонина
Лиза - Зейнолла Ақбота
Фёдор - Рахатов Нұрболат
Гисок - Арипов Данияр
Орынбай аға - Ни Евгений
Халима - Ержигитова Лаура
Хон Бом До - Цой Роман
Солдат - Пак Константин
Жүргізуші - Клишин Александр
Ёнхи - Цой Анна
