тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Флория. Тоска

Билет сатып алу

Джакомо Пуччини 

«Тоска» 

3 бөлімді опера

 Жаңа сахналық редакция

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Қойылым тобы

Қоюшы дирижер – Джузеппе АКУАВИВА

Қоюшы режиссер – Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Бас хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бейне бойынша суретші – Азамат ҚҰТТЫҒОЖИН

Костюмдер бойынша суретші – Вера МАРЗОТ

Жарық бойынша суретші – Карим РАМАШ

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор КАРАРЕ          

Режиссердің ассистенті – Гүлсара МЕЙРАМБЕКОВА

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным АХМЕТОВА 

            Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – 

Алтынғаным АХМЕТОВА, Айнұр ХАЛЕЛОВА

Опера труппасының директоры – Талғат МҰСАБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Джакомо Пуччини – көрнекті италиялық опера композиторы, «Маяон Леско», «Мадам Баттерфляй», «Богема», «Турандот» сияқты танымал опералардың авторы... Әлем театрларында жиі орындалатын опералардың бірі – «Тоска».

Барлық операда, драматизм мен трагизмге толы сюжеттеріне қарамастан, Пуччини адамдар арасындағы махаббат сезіміне, абырой мен адалдыққа басымдық береді. Оның операларында негізгі орынға әйел бейнесі ие.

Әнші Тоска – Италияның патриоты, қаһарлы батыл-романтикалық бейне.

Пуччини операны француз драматургы В.Сардудың драматизм мен бостандық сүйгіш шаттыққа толы пьесасының сюжетіне жазды. Оқиғаның бел ортасында – әнші Флория Тоска мен суретші Марио Каварадоссидің қайғылы махаббат тарихы. Опера барысы 1800 жылғы тарихи оқиға аясында өрбиді: Италияға Наполеон әскерінің басып кіруі және Республиканың бекуі... Ғашықтар қатал заманның құрбандары болады. Саясаттан алыс адамдар – оның еріксіз қатысушысына айналады...

1900 жылғы 14 қаңтарда өткен «Тоска» операсының премьерасы айтарлықтай табысты болмады. Бірақ жылдар өте келе «Тоска» көрермендердің махаббатына ие болды. Бүгінде «Тоска» түрлі елдердің ең үздік театрлары сахнасында сәтті қойылуда, ал оған билеттер құлшыныспен сатып алынады.

«Тосканың» танымалдылық құпиясы неде? Бұл сұраққа жауапты театрымыздың сахнасында операның жаңа сахналық редакциясын көру бақытына ие болғаннан кейін білетін боласыздар.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.