97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
QAZAQCONCERT

GALA OPENING. «GULDER» ансамблі

Билет сатып алу

Сіздерді Қазақконцерттің 64-ші концерттік маусымының ашылуына шақырамыз!

Бұл ерекше кеште өнер әлемінің жарық жұлдыздары –«GULDER» ансамблі өнер көрсетеді.

«GULDER» ансамблі - өз ісінің танымал шеберлері мен кәсіпқойлардан жиналған – Гүлдер бэнді, балет труппасы және эстрада солистерін біріктірген бірегей ұжым.

Концертте республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары – Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдухалық және «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінің триумфаторы Әділхан Макин сынды Қазақконцерт жұлдыздары көрермен назарына көпшіліктің көңілінен шыққан танымал әндерді тарту етеді.

«GULDER» ұсынған би қойылымдары – бұл қазақ даласының бай мәдениеті мен тарихын айшықтайтын, ұлттық нақыш пен заманауи өрнекті бір арнаға тоғыстырған ерекше туындылар.

Өнерпаздардың әр қимылы мен әр әуені – көрерменнің жүрегіне жететін, сезімнің тереңінен сыр шертер шынайы өнер.

 «GULDER» ансамблі – ұлттық дәстүр мен заманауи өнердің үйлесімі!

Өнер әлеміне терең бойлап, ұмытылмас әсерге бөленгіңіз келсе, концерттен қапы қалмаңыз!