97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
QAZAQCONCERT

GALA OPENING. ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Билет сатып алу

Сіздерді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының 64-ші концерттік маусымының салтанатты ашылуы аясында өтетін Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің Сыдық Мұхамеджановтың 100-жылдық мерейтойына арналған концертіне шақырамыз! 

Музыкалық кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов пен Салтанат Ахметова өнер көрсетіп, Бақытжан Мұсаходжаева және Ерболат Ахмедьяров дирижерлік етеді. 

 Бізбен бірге жаңа музыкалық биіктерді бағындырыңыз! 

Симфониялық музыканың ғажайып әлеміне еніп, композитордың танымал және сирек туындыларын тамашалаңыздар. 

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Оркестрдегі 100-ден астам дарынды музыкант әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі -  ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау.  

Оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды. 

Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева. 

Билеттер сатылымда! 

Сиқырлы кештің куәсі болыңыздар