Grand Gala Ballet
Art International ұсынады - «Grand Gala Ballet».
Классикалық және заманауи балет тоғысқан бірегей өнер мерекесі. Көрермендер әлемдік классика мен заманауи хореографияның танымал қойылымдарынан үзінділер тамашалайды. Әрбір би - көрермен жүрегінде ұмытылмас әсер қалдыратын сұлулық пен сезімнің, үйлесім мен шабыттың ғажайып көрінісі.
Сахна төрінде Қазақстан балетінің жұлдыздары өнер көрсетеді. Олар Richmond Opera (Ұлыбритания), Александрин театры (Ресей), Opera di Roma (Италия), Пекин ұлттық операсы (Қытай), Кремль театры (Ресей), Dubai Opera (БАӘ) сынды әйгілі сахналарға шақырылып жүрген кәсіби әртістер. Заманауи хореографияның үздік шеберлерімен жұмыс істеген бишілер өз өнерінде биік деңгейдегі шеберлікті, нәзіктік пен эмоцияға толы орындаушылықты паш етеді.
Art International компаниясының басты мақсаты - көрерменге би өнерінің ең жоғары эстетикалық әрі эмоциялық түрін ұсыну. Біз әр жобамыз арқылы балеттің сұлулығын, кәсібилігін және Қазақстан мәдениетінің байлығын біріктіріп, көркемдік сапа мен талғамның биік үлгісін көрсетуді көздейміз.
