Гуинплен. Толығымен ену
«Гуинплен. Толығымен ену» - басты кейіпкерді арбап, жетелеп, өз әлемін тудыртатын, алайда кейде тығырыққа тірелтіп, есінен алжастыратын ойлары мен сезімдері туралы қойылым. Біраз ойланып қарасақ, әрқайсымыз бір шетінен Гуинпленміз, себебі барлықтарымыз өздігімізше түсіністікке, махаббатқа, қоғамдағы өз орнымызға мұқтажбыз, әркім өздігінен қабылданбай, айнала тарапынан түсіністікке жетпей, бөтенсіп жіберілген. Ойымыздағы білімдерді, тәжірибені, ассоциацияларымызды сыртқы әлемнен келетін ақпараттың шексіз ұшқынымен алмастырып, өзіміздің жеке Мета Ғаламымызды туындатамыз. Біліміміз қаншалықты асқақтап жатса да, өзгерілмес маңызды сұрақтардың жауабын табу қиынға соғатыны анық, ол сұрақтар: «Біз бақыттымыз ба?» және «Бізді не бақытты етеді?».
Бәлкім, басқа адамның сана толғауын бақылап, біз өзіміздің жан дүниемізде болып жатқанды түсіне алатын шығармыз?