«GULDER» ансамблінің жеке концерті
азақконцерт сіздерді аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінің жеке концертіне шақырады.
Көрермен қауым өнер мен дәстүр үйлескен қайталанбас сахналық туындыларға куә болады. Концерттік бағдарламада жаңа хореографиялық композициялар, ансамбль әртістерінің креативті сахналық көріністері мен жарқын музыкалық нөмірлері қамтылған. Әрбір қойылым - музыка, би, вокал және эмоцияға толы сахналық драматургияның үйлесімді синтезі. Кеш барысында қазақ композиторларының шығармаларымен қатар, әлемдік эстраданың жаңа өңдеудегі нұсқалары да ұсынылады.
Сахнаға халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Гүлдер» ансамблінің талантты балет әртістері мен G-band музыкалық тобының музыканттары шығады. Сонымен қатар, іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлсім Мырзабекова мен Айзат Қарабек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Алибек Әльмадиев, Ардақ Елеусіз және Әділхан Макин, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Анна Уварова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Сұлтан Ахмет пен Нұрмұхамед Сәтен, талантты скрипкашы Меруерт Бақыт және «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.
«Гүлдер» ансамблі өз дәстүрін сақтай отырып, заманауи бағыттарға да қадам басуда. Өнер ұжымы мәдени мұраға құрметпен қарап, жаңа шығармашылық тәсілдерді батыл енгізу арқылы көрерменнің жүрегіне жол тауып келеді.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Абзал Өсімбаев, бас балетмейстер – Анвара Садықова.