тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Incanto d’Italia

Билет сатып алу

«Вокалдық сырласу» топтамасы

Incanto d’Italia

 («Италия сиқыры»)

Бірінші концерт

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Италиялық әндердің құштарлыққа толы әлеміне бойлауға шақырамыз! «Вокалдық сырласу» топтамасынан Incanto d’Italia («Италия сиқыры») концертінде шуақты Италияның жалын шашқан ыстық әуендері лаулап, жан тербейді.

Театр солистері жарқын опера ариялары мен дуэттерін, құштарлық тұнған неаполитандық канцоналар мен италиялық композиторлардың жауһарларын паш етеді. Сіздерді әлемге әйгілі шлягерлер мен Жерорта теңізінің нақышына, махаббаты мен іңкәрлігіне толы сыршыл әуендер күтуде.

Э.Куртис, Ф.П.Денца, Р.Фальво сынды италиялық ән шеберлері музыкасының сиқырлы әуеніне бөленіп, ұмытылмас кештің куәсі болыңыздар. Бұл Италияның дәл жүрегіне оның мәңгілік, өміршең әрі құштарлыққа толы әуендері арқылы саяхат болмақ.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.