И.С.Бах сонаталары мен партиталары
«Музыкалық альянс» топтамасы
И.С.Бах сонаталары мен партиталары
(Композитордың 340 жылдығына арналады)
Үшінші концерт
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 45 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Музыка әлемі 2025 жылы музыка тарихын өзгерткен композитор Иоганн Себастьян Бахтың 340 жылдығын атап өтуде. «Астана Опера» театры халықаралық іс-шараларға қосылып, мерейтойға орай «Музыкалық альянс» топтамасынан неміс бароккосы кемеңгерінің мәңгі өшпес туындылары шырқалатын концерт арнамақ.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен оның музыкант әріптестері «Музыкалық альянс» жобасының концертіне шақырады. Кеш бағдарламасында – қазақстандық әртістердің орындауында И.С.Бахтың сонаталары мен партиталары, скрипка өнерінің жауһарлары.
Бұл концерт ұлы композитордың 340 жылдығына арналған топтаманы жалғастырып, музыканттардың асқан шеберлігін паш етеді. Классика сүйер барша қауымды ХХІ ғасырда да танымалдылығын жоғалтпай, мәңгілік туралы, мәңгі құндылықтар туралы ойға жетелейтін музыканы сүйсіне тыңдауға шақырамыз...
ОРЫНДАУШЫЛАР:
И.С.БАХ. Соло скрипкаға арналған сонаталар мен партиталар:
Әнел ШӘКІРОВА
Ақмарал ЖАНҒАЗИНА
Мадина КАПЕУ
Еркебұлан САПАРБАЕВ
Әсел ЖАҚИЯНОВА
Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
