тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

JazzVIBE

Билет сатып алу

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылғы 3 шілде күні сағат 20:00 -де Амфитеатр сахнасында жаздың ең жарқын музыкалық оқиғаларының бірі — «JazzVIBE» концерті өтеді.

Концертке қатысады:

«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, ГККП «Жастар Сарайы» - көркемдік жетекшісі ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Ержан Исин, бас дирижері ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Қасым Айтбаев, дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлиби Абдинұров;

«Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі, ГККП «Жастар Сарайы» - көркемдік жетекшісі, композитор, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері Рустам Садықұлы Амиров.

Концерт барысында көрермендер дәстүрлі джаз, джаз-рок, поп-музыка және заманауи бағыттағы әуендердің әсем әлеміне еніп, әлемдік хиттерді, авторлық шығармаларды және қазақ әуендерінің ерекше өңделген нұсқаларын тамашалайды.

Бағдарламаға қатысушылар:

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері - Әлібек Алмадиев;

Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Зарина Божакова, Татьяна Ким, Евгений Ботников, Асет Касанов, Ақжол Исин, Өнер Құлов, Елена Белякова, Нұрлыбек Закенов, Аман Шаймерденов, Бақытжан Масалим.