Карло Мо «eMe»
«Тотальный театр» театралдық компаниясы мен «Театр для моей птички» бірлесіп ұсынады:
«eMe»
20 қыркүйек күні испандық клоун әрі актер Карло Мо орындауындағы поэтикалық әрі терең қойылымды тамашалау мүмкіндігі туады.
Карло Моның физикалық комедиясы - бұл қарапайым күлкі емес. Қоштасу, жалғыздық, қайғы мен оны жеңу жайлы ең терең сырларды жеткізе алатын әмбебап, әсем әрі бұл дүниеден бөлек дене тілі.
Дене пластикасы мен қиялдан туған бұл қойылым - адам жанының нәзіктігі мен өмір сүруге деген шексіз құштарлықты зерттеу.
Малердің музыкасы баяулаған соң сахнада Карло Мо пайда болады. Ол тепе-теңдік ұстап, балдаққа сүйеніп тұр, аяқсыз бейнеде, «М» әрпін елестететін қалыпта.
Осы бір бейнеден басталған үнсіз саяхатта актер бір ауыз сөзсіз-ақ дене мен қимыл арқылы бақытты болу және жай ғана өмір сүруге деген құштарлық хикаясын баяндайды.
«Сөзден жырақта - қимыл. Қимыл эмоцияны сөйлетеді», - Карло Мо.
«Ол ғажап адам! Таза пантомима! Клоун поэзиясы әрекет үстінде. Ең қарапайым нәрсе - ең әдемісі болып шығады. Эмоция артынан эмоция, мұндай жойқын әрі жайдары кейіпкер өзіне ғашық етпей қоймас»
- Мар Макарена, Almazen театрының директоры (Барселона)
Шығармашылық топ:
Идея және орындау: Карло Мо
Режиссер: Леандре Рибера
Сахна суретшісі: Ксавье Гарсия
Костюмдер: DiMô Factory
Дыбыс және жарық: Маттиа Руссо
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


