тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Айбозым»: Қайрат Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойы

Билет сатып алу

Қазақконцерт сіздерді дәстүрлі әнші, қазақ ән өнерінің дарабозы және абыз тұлғасы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Айбозым» атты музыкалық кешке шақырады.

Концерттік бағдарламада әншінің репертуарындағы халық әндері мен төл туындылары шырқалып, ұлттық өнерге қосқан баға жетпес еңбегі мен өнегелі жолы насихатталады. Кеш барысында өнер иесінің шәкірттері мен замандастары құрмет көрсетіп, мюзикл үлгісіндегі мерейтой иесі өмірінің қызықты сәттері диалогтармен, тың туындылармен және бұрын-соңды болмаған қойылыммен халыққа ұсынылады.

Әншінің шығармашылығы қазақ музыкасының тарихындағы тұтас дәуірді қамтиды. Халық мұрасын ұлықтаушы, дәстүрлі ән өнерінің шынайы жанашыры Қайрат Байбосынов ұмыт болған, сирек орындалатын халық әндерін қайта тірілтіп, тыңдарман жүрегіне жеткізген бірегей тұлға. Ол қазақ өнерінің абыройын алыс-жақын шет елдерде де асқақтатты. Атап айтқанда, АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур сынды мемлекеттерде өткен концерттік сапарларында ұлттық ән өнерін таныстырып, шетелдік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шарада Қазақстанның халық әртістері Майра Ілиясова, Рамазан Стамғазиев, Қырғызстанның Халық әртісі Роза Аманова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәуле Жанпейісова, Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова, Айгүл Елшібаева, Ерболат Шалдыбеков, Гүлмира Сарина, Медет Салық, Клара Төленбаева, Ербол Айтбаев, Ардақ Балажанова, Елмұра Жаңабергенова, Нұрболат Арзамасұлы, Дәуренбек Әркенов, Сержан Мұсайын, Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Еркін Шүкманов, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина және «Қарақат» мектеп-студиясы, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрар, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Дария Бекпенбет және т.б. өнер көрсетеді.

Ұлттық рух пен өнердің ұлы мектебіне айналған Қайрат Байбосыновтың мерейтойлық кешін бірге тамашалаңыз!