тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ» хореографиялық спектаклі

Билет сатып алу

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК  мен Жастар сарайы қала күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына  арнап «Әзім әңгімесі» хореографиялық спектаклін ұсынады.

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК мен «Жастар» сарайы бірлесіп – «Әзім әңгімесі» атты хореографиялық спектаклін ұсынады. Қойылым қала күніне және ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналады.

Бұл қойылым А.Құнабайұлының аяқталмай қалған шығармасы «Әзім әңгімесі» ертегісінің желісі негізінде сахналанып отыр. Хәкім Абай «Мың бір түн» әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады. Бұл қойылым – ұлттық өнер мен заманауи хореографияның тоғысқан көркем туындысы. Спектакль Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын, терең философиясын би тілі арқылы көрерменге жеткізуді мақсат етеді.

Барша өнер сүйер қауымды би өнерінің сиқырымен Абай әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!

Қоюшы хореографтар: С.Дүзбаев, А.Беглова, Ұ.Изенаев, М.Байбулова

Қоюшы-режиссер: Қ. Ағымбаева

Сценарий авторы: Е.Ағымбаев

Музыка авторы және музыкамен өңдеген: Қорғанбек Ержан

Киім дизайнері: Ақбота Тоқтасынова - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қадиша Ағымбаева - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері

«Наз» мемлекеттік би театрының директоры - Е.Ағымбаев