«Классика жаныңда» Алматы қаласында
Құрметті тыңдармандар,
Камералық музыканың сырлы әлемін бірге ашуға шақырамыз.
Бұл кеште сіздер үшін осы жанрдың ең таңдаулы туындылары орындалады: Александр Бородиннің №2 ішекті квартеті және Людвиг ван Бетховеннің №16 ішекті квартеті.
Нәзіктік пен әзіл, тереңдік пен драматизм, көркем өнер мен сұлулық тоғысқан туындылар. Олардың сиқыры ешкімді бейжай қалдырмас.
Әлемді баураған музыкалық жауһарларды тыңдау мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!
Классикалық музыкамен танысу ешқашан кеш емес, өйткені ол әрдайым жаныңызда.
Осы кеште сіздер үшін өнер көрсететін өнер майталмандары:
Зейнеп Сүлейменова - скрипка, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры симфониялық оркестрінің әртісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
Айнаш Жайлыбекова-Сарбуфина - скрипка, Алматы қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертмейстері, бірінші скрипка.
Дария Барлыбаева - альт, Ю. Башмет атындағы альтистер байқауының лауреаты, Мәскеу консерваториясы мен Джульярд мектебінің түлегі.
Эльдар Айтбеков - виолончель, Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және «Камерата Қазақстан» камералық оркестрінің виолончель тобының концертмейстері, республикалық байқаулардың лауреаты.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
 Пираты Карибского моря 6
                        
                            Пираты Карибского моря 6
                                                    
                    
                    
 
                         
                        