Вальс королі (КАТМК)
И. Штраустың «Вальс королі» опереттасы Венада орын алады. Қала тұрғындарының аузында жаңа жұлдыз - әнші Эльза Вирт, майталман сазгер Густав Штейнның қалыңдығы қарқынды талқылануда. Оған Вестфальдық герцог Карл да ерекше көңіл бөледі. Герцогтың бұрынғы сүйіктісі Эдит Флавоны қызғаныш сезімі ұялатып, қарсыласының көзін құртуға ұмтылады. Ол Густавқа герцог пен Эльза арасындағы жалған махаббат хатын жасырын жеткізу арқылы өз арам пиғылын жүзеге асырады. Ашуға долыған Густав үйленуден бас тартады.
Ал герцогтың сарайында бәрі балға дайын. Граф өз мүддесін көздеп, Эльзаны қытайлық әнші Эль Цзи деп таныстырып, ал баршаға Эльза герцогтың керемет балына келмегенін хабарлайды. Эль Цзи-Эльза Густавтың шығармаларының бірін тамаша орындап, қонақтарды тәнті етеді. Осындай шараға байланысты герцог Густавты сарай капельмейстері етіп тағайындайды, алайда ол герцог пен Эльзаның хат жазысуын сылтауратып, бас тартады. Осы сәтте герцог өз хаттарын сүйіктісі Эдитке арнағаны ашылады. Шындық мен шынайы махаббат орнап, ғашықтар қайтадан бас қосады.