KÓSHPENDILER ÁÝENI: I KÜN
Қазақконцерт елорда қонақтары мен тұрғындарын «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестиваліне шақырады.
Концерттік бағдарламада көрермендер фольклорлық дәстүрлермен тығыз байланысты, түркі әлемінің музыкалық мұрасын жаңа қырынан танытатын орындаушылардың өнерін тамашалайды. Сондай-ақ, дала әуендерінің байырғы үлгілері мен халық әндерінің заманауи өңделген нұсқалары, ұлттық аспаптарға арналған туындылар мен орындаушылықтың тың формалары ұсынылады.
Фестивальдің алғашқы күні сахнаға шығатын шетелдік өнерпаздар: «Намғар» тобы (Бурятия), Закир Дүйшенбек (Қырғызстан), Жәнібек Пиязов (Қарақалпақстан). Сондай-ақ, қазақстандық өнер ұжымдары мен талантты орындаушылары да өз өнерлерін ортаға салады. Атап айтқанда, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Жошы» ансамблі, «Satzhan Project» тобы, Еділ Құсайынов, Қазыбек Әдікей, Аманжол Нығмет, Санджай Альмишев және Айхат Қазихан.
«Kóshpendiler áýeni» - этникалық музыканың табиғи қалпымен қауышатын мәдени алаң.