тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

KÓSHPENDILER ÁÝENI: II KÜN

Билет сатып алу

Қазақконцерт елорда қонақтары мен тұрғындарын «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестиваліне шақырады.

Концерттік бағдарламада көрермендер фольклорлық дәстүрлермен тығыз байланысты, түркі әлемінің музыкалық мұрасын жаңа қырынан танытатын орындаушылардың өнерін тамашалайды. Сондай-ақ, дала әуендерінің байырғы үлгілері мен халық әндерінің заманауи өңделген нұсқалары, ұлттық аспаптарға арналған туындылар мен орындаушылықтың тың формалары ұсынылады.

Фестивальдің екінші күні сахнаға шығатын шетелдік өнерпаздар: Эркин Алексеев (Саха Республикасы), Арсланбек Султанбеков (Түркия), Азат Бикчурин (Башқұртстан) және «Зафар» тобы (Әзербайжан). Сондай-ақ, қазақстандық өнер ұжымдары мен талантты орындаушылары да өз өнерлерін ортаға салады. Атап айтқанда, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Түркістан» камералық ансамблі, сондай-ақ, Еділ Құсайынов және Салтанат Ерсұлтан.

 «Kóshpendiler áýeni» - этникалық музыканың табиғи қалпымен қауышатын мәдени алаң.