тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу

Билет сатып алу

Қазақ халық поэзиясының асыл жауһары, ғасырлар қойнауынан жеткен мәңгілік махаббат жыры – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясы жарты ғасырдан соң қайтадан сахна төріне оралмақ.

Түркі дүниесіне ортақ рухани қазына болып саналатын бұл туынды алғаш рет театрдың іргетасы қаланған кезеңде көрерменге жол тартқан еді. Енді, міне, уақыт пен кеңістіктің сынағынан сүрінбей өткен Қозы мен Баянның тағдырлы махаббат тарихы бүгінгі ұрпаққа тағы бір мәрте сыр шерткелі тұр.

Махаббат пен адалдықтың символына айналған қойылымда риясыз сезім, достық пен шынайылық, қатігездік пен қастандық сияқты адамдық қасиеттер терең бейнеленген. Шығарманың идеялық өзегі – сол дәуір жастарының  сүйіспеншілікке  адалдықпен қол жеткізуге деген арман-мұраты.

Жаңа қойылымда ұлттық болмыс пен эпикалық драматургияның өзара үндестігі сақталып, классикалық туындының бүгінгі көрерменмен рухани сабақтастығы жаңаша қырынан ашылмақ.