тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

ҚҰЛАҚТАН КІРІП БОЙДЫ АЛАР

Билет сатып алу

2025 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 19:00-де Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында (Республика даңғылы, 2) Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің XVIII концерттік маусымының ашылу салтанаты өтеді. Маусым шымылдығы қазақ руханиятының шамшырағы - Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мазмұны терең, өнері өрелі кешпен ашылады.

«Құлақтан кіріп бойды алар» атауымен өтетін концерт - ұлы ақын, ғұлама ойшыл, сазгер Абайдың шығармашылығын арқау еткен рухани-сазды мереке. Абайдың әндері мен сөзі арқылы оның даналық мұрасы, ұлттық болмысымызға қосқан өлшеусіз үлесі көркемдік тұрғыдан жаңаша бедерленеді. Бұл кеш - Абай мұрасын тек еске алу емес, оны бүгінгі ұрпақпен қайта қауыштыру.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижёры - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов.  Дирижёр – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов. Концертке Халықаралық байқаулардың лауреаттары Асылзат Нұғыманова мен Нұрқанат Тапиев қатысады.

Бағдарламада Абай Құнанбайұлының әндері және оның шығармашылық рухына үндес туындылар оркестрлік өңдеуде ұсынылады. Бұл кеш - Абайды еске алудың ғана емес, оны бүгінгі тыңдарманмен қайта қауыштырудың, ұлы тұлғаның мұрасын жүрекпен танудың тағылымды алаңы