Көрме бойынша кураторлық экскурсия
Санитарлық күн – әр айдың соңғы сейсенбісі.
Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).
Науқан: Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Зергерлік код. Тағуға болатын статистика» атты халықаралық көрме аясында кураторлық экскурсиялар өткізіледі.
Экскурсияларды көрменің кураторы, суретші және Syldyr жобасының негізін қалаушысы Жанна Асанова жүргізеді.
Келушілер жоба концепциясымен тереңірек танысып, ұсынылған туындылардың мән-мағынасы, қазіргі өнердегі статистиканың рөлі және зергерлік дәстүрді қайта пайымдау тәсілдері туралы тың мәлімет алады.
Кураторлық экскурсия – көрменің авторлық көзқарасын естіп, сұрақтар қойып, деректер мен форманы тоғыстырған өнердің жаңа қырларын ашудың бірегей мүмкіндігі.
Көрме атауы: |
Кураторлық экскурсиялар «Зергерлік код:тағуға болатын статистика» |
||||||||||||
Экскурсиялық бағдарлама: |
|
||||||||||||
Ұзақтығы: |
1 сағат |
||||||||||||
Жас шегі: |
жоқ |
||||||||||||
Күні мен уақыты: |
3 қазан – 15:00 11, 12, 25, 26 қазан – 12:00 8, 9 қараша – 12:00 |
||||||||||||
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға - ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
||||||||||||
Өзіңізбен бірге алу: |
|
||||||||||||
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН. Қазақстан азаматтары үшін: 7 жастан 18 жасқа дейін - оқушылық тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). Зейнеткер куәлігін көрсеткен жағдайда «зейнеткерлік» тарифі қолданылады. |
||||||||||||
Тариф 5. Атауы: «Музейге және бір шетелдік көрмеге кіру тақырыптық экскурсиямен («Алтын» залдар кірмейді).
* Музейдің кіріс билеті құнына барлық тұрақты экспозиция залдарына, уақытша көрмелерге және бір шетелдік көрмеге тақырыптық экскурсиямен бірге кіру кіреді. * 7 жасқа дейінгі балалар – тегін *«Оқушы», «студент», «зейнеткер» тарифтері – растайтын құжаттарды көрсету арқылы |
|
||||||||||||
Жеңілдіктер: • Қазақстан Республикасының жеңілдік санаттарына жататын азаматтары ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тегін немесе жеңілдікпен кіру құқығына ие. • Жеңілдіктер тек уақытша және тұрақты экспозиция залдарын, соның ішінде «Алтын залдары» қамтитын кіру билеттеріне ғана қолданылады және растаушы құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады. • Жеңілдік санаттарына жататын азаматтар үшін шетелдік (халықаралық) көрмелерге кіру (I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен оларды ертіп жүретін адамдарды, сондай-ақ III топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қоспағанда) бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. |
ТЕГІН:
50% ЖЕҢІЛДІК: 1. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар (шетелдік көрмелерге кіру билеттерін қоса алғанда) |
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

