ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ
Қазақконцерт айтулы ақын, Абай атындағы Мемлекттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Құстар қайтып барады» атты мерейтойлық концерт өткізеді.
Халықтың жүрегінен орын алған ақын Тұманбай Молдағалиев ел сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің авторы. Оның махаббат лирикасы мен композиторлар Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуовтермен бірге жазған «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» секілді туындылары қазақ музыкасының інжу-маржандарына айналған.
Музыкалық кеште Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндер жаңа аранжировкаларда және әртістердің коллаборациясы ұсынылады.
Іс-шара өнер жұлдыздарының қатысуымен өтеді: Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Дилназ Ахмадиева, Бибігүл Қилымхан, Райм Уайс, Мади Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет, Гүлнар Көшенова, «Азия» және «Меломен» топтары.
