«Аққу көлі» Орал қаласында
Әлемдік балет репертуарындағы ең танымал қойылымдардың бірі. «Аққу көлі» - Мәскеудің классикалық балет труппасының орындауында.
Орыс балетінің жаны саналатын «Аққу көлі» бүкіл әлемде ең кең таралған әрі ең әйгілі спектакльдердің қатарында. Ал аққу бейнесі ғасырлар бойы орыс балетінің ең танымал символына айналған. Мариус Петипа мен Лев Ивановтың талантты қойылымы Орыс классикалық балетінің шынайы жауһарына айналуға әбден лайық.
Қойылымның өзегінде - махаббат пен қарғыс туралы хикая. Ол әр көрерменнің жүрегінен орын табады, өйткені адамзаттың құндылықтары мен мұраттары уақыт өтсе де өзгермейді. Мұнда өмірге құштарлық та бар, бақытқа үміт те бар, сұлулық идеалын асқақтату да бар. Басты кейіпкерлер - ханшайым Одетта/Одиллия, ғашық ханзада Зигфрид және зұлым сиқыршы Ротбарт. Сиқырлы, баурап алар көріністің атмосферасы соңғы минутқа дейін сейілмейді...
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Анаконда
