Махаббат аңызы (КАТМК)
«Махаббат аңызы. Жезтырнақ» - қазақ мифологиясындағы көне бейнені заманауи сахналық тұрғыдан қайта жаңғыртқан қойылым.
Жезтырнақ - тылсым күш пен жабайы сиқырдың бейнесі, бұл спектакльде жалғыздыққа қарғыс ұрған, қол жетпес махаббатты аңсаған әйел ретінде өзгеше қырынан көрінеді.
Оның өткір тырнақтары - тек қорқыныштың емес, тағдырдың жазуымен жараланған жүректің шексіз мұңының да символы.
Мифтің астарлы аңызға айналған хикаясы, жарық пен түнектің мәңгі айқасы, таңдау құны мен махаббаттың қарғысты жеңе алар-алмасы жайлы ой толғау.
Тылсым, романтикалы әрі трагедиялы әлемде көне аңыздар қайта жанданып, махаббат пен үрейдің арасында қайсысы күшті туралы өшпес сұрақтарды көтереді.
Қоюшы режиссёр: Антон Зайцев (Алматы қ.)
Сахна суретшісі: Юлия Чернова (Алматы қ.)
Қоюшы балетмейстер: Жанна Жаппарова (Семей қ.)
