Константин Козловтың «Көсемдер және Қазақстан» дәрісі
Қазақстан аумағы екі ғасырдан астам уақыт бойы Ресей империясы мен Кеңес Одағының құрамында болды - бұл қарама-қайшылыққа толы, күрделі кезең еді. Сол уақыттың маңызы жайлы бүгінге дейін тарихшылар мен публицистер арасында пікірталастар таусылмас. Ресей мен Қазақстан халықтарының қарым-қатынасы, мәдениеттер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өзара ықпалы да жиі талқыланады.
Бұл дәрісте біз Ресей мен КСРО билеушілерінің қазақ жеріне деген көзқарасын сөз етеміз. Ол көзқарастар әртүрлі болды - билеушілердің өзі де, олардың Қазақстанға деген қатынасы да сан қилы.
Бірі бұл жұмбақ жаңа өңірдің қайда орналасқанын да білмеді,
ал бірі үшін Қазақстан - мансабындағы шешуші, кейде - трагедиялық бетбұрыс болды.
Кімдер қазақ жерін шын ықыласпен ұнатып, ал кімдер оған салқын қарады?
Кімдер қызығушылық танытты, ал кімдер мүлде бейжай болды?
Қай революциялық көсем Верный қаласына актер болып гастрольмен келген?
Қай басшылық тұсында қазақтарды «қырғыз» деп атау тоқтатылды?
Алматыда не пайда болды Дінмұхамед Қонаев пен Леонид Брежневтің достығы арқасында?
Дінмұхамед Қонаев пен Михаил Горбачев арасындағы салқын қатынастың себебі неде?
Борис Ельциннің Алматыға сапары неліктен оның өміріндегі ең қауіпті сәттердің біріне айналды?
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


