Махаббат пен көгершіндер. Премьера!
Көгершіндер жұбын бір-ақ рет таңдап, қиындықтарға қарамастан соған адал қалады. Сондықтан да олар отбасы берекесінің символына айналған. Бірақ әрқашан да жеңіл бола бермейтін бұл байланыс кейіпкерлердің де тағдырында сыналады: үйреншікті тіршілік іргесі сөгіліп, оңай шаттыққа уәде еткен азғыру жолығады, ал отбасы отағасы таңдау алдында қалады. Күлкі мен көз жасы, жанжал мен татуласу - мұның бәрі ұлы махаббат сезіміне негізделген өмірдің ажырамас бөлшектері.
Спектакль көрерменге шаттық сыйлап қана қоймай, жүректі тереңнен қозғайды. Бізді әрдайым күтіп отыратын үлкен үйді, оларсыз бақытты бола алмайтын жандарды және көгершіндердей бір рет табысқан соң, өмір бойы бірге қалатын адал да нәзік махаббат туралы тағы бір мәрте еске салатын туынды.
Қойылым тобы:
Режиссёр-постановщик - Луцива О.
Суретші-постановщик - Пулькина П.
Музыкалық әрлеу - Овчинников В.
Балетмейстер - Ранн Е.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Вася Кузякин - әртіс Қызылштанов А.
Надя, оның жары - әртіс Бронникова А.
Люда - әртіс Ранн Е.
Лёнька - әртіс Минаков С.
Ольга - әртіс Егорина Е.
Митя Вислухин - әртіс Тавгень С.
Шура, оның әйелі - әртіс Слепцова Н.
Раиса Захаровна - әртіс Скуратова Л.
- әртіс Науменко О.
Дед Кузьмич - әртіс Егорин А.
- әртіс Владимиров А.
Бас режиссёр - «Мәдениет саласының үздігі» О.Б. Луцива
Директор - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Б.С. Бахтыгереев
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.png?w=220&h=300)

.png?w=220&h=300)