Рождество сиқыры
«Bel Canto музыкалық салоны» топтамасы
«Рождество сиқыры»
барокко музыкасының концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Bel Canto музыкалық салоны» топтамасынан «Рождество сиқыры» концерті көне музыканы бағалайтын көрермендерге жарқын мереке – Рождество атмосферасын сезінуге шақырады. Барокко музыкасы, жалт-жұлт еткен шамдар, салтанатты безендірілген сахна жан-дүниені ерекше күйге бөлеп, бала кездегідей ғажайыптан үміт күттіреді.
Камералық оркестр әртістері мен вокалистердің орындауындағы И.С.Бах, Г.Ф.Гендель, А.Вивальди сынды барокко дәуірі данышпандарының шығармалары кешті айрықша айшықтай түспек.
БАҒДАРЛАМА:
А.Вивальди. Nisi Dominus және барокко дәуірі композиторларының туындылары
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Әсем СЕМБИНА (сопрано)
Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)
Батыржан СМАҚОВ (контртенор)
Әлихан ЗЕЙНОЛЛА (тенор)
Сұлтан БАҚЫТЖАН (баритон)
Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Астана Опера» балалар театр студиясының хоры
Хормейстерлер – Алтынғаным АХМЕТОВА, Шырын АХМЕДЖАНОВА
«Астана Опера» камералық оркестрі
Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН, «Құрмет» орденінің кавалері
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
