тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Marcello Rota Алматы қаласында

Билет сатып алу

Тек бір ғана кеш!

29 қазан күні сағат 19:00-де Республика сарайының сахнасында италияндық композиторлар Нино Рота мен Эннио Морриконенің ең үздік шығармалары шырқалады. Оларды Ұлы өнер майталманы Нино Ротаның туған жиені болып табылатын, атақты дирижер Марчело Рота жетекшілік ететін оркестр орындайды.

Қарапайым саундректер ұғымынан асып түскен жауһарлар арнайы сіздерге шырқалмақ.

«Нино Рота және Эннио Морриконе» концерті - кино музыкасының қос алыбына арналған рухани музыкалық құрмет.

Нино Ротаның шығармашылығымен таныс емес жан кемде-кем. Оның есімін білмесеңіз де, музыкасын бір рет болса да естігеніңіз анық. Миландық данышпан - «Оскар», «Алтын глобус», «Грэмми» секілді әлемдік марапаттардың иегері.

Оның әуендерін Федерико Феллини, Лукино Висконти сияқты атақты режиссерлердің фильмдерінсіз елестету мүмкін емес. Ең танымал шығармалары - Фрэнсис Форд Коппола түсірген «Крестный отец» фильмінің қос бөліміндегі музыка. Нино Ротаның музыкасынан италиялық сезім, зиялылық, шынайылық пен ерекше ұлылық аңқып тұрады.

Эннио Морриконе - жүзден астам кинофильмге музыка жазған, Серджо Леоненің вестерндерімен, «Кәсіпқой», «Миссия», «Американың аңызы» және басқа да мәңгілік туындыларымен әлемдік музыка тарихында өшпес із қалдырған композитор. Ол - бірнеше мәрте «Оскар» жүлдесін (оның ішінде кинематографияға қосқан үлесі үшін құрметті марапатты) иеленген, сондай-ақ «Алтын глобус» пен басқа да беделді сыйлықтардың лауреаты.

Концертте келесі туындылар шырқалады: «Ромео мен Джульетта», «Жол», «Крестный отец», «Кәсіпқой», «Миссия», «Кабирия түндері», «Пианист туралы аңыз», «Жақсы, жаман, сұм» және т.б.

Таңғажайып шығармалардың ерекше мәнері мен рухын сақтай отырып, оларды сіздерге симфониялық оркестр және шебер дирижер Марчелло Рота ұсынады.