ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ТАЛАНТТАРЫ
Чайковский, Рахманинов және Венявский... Бұл ұлы композиторлардың туындылары «Қазақстанның жас дарындары» атты Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концертінде орындалады.
Кеш барысында көрермен орындаушылық өнердің жаңа толқынын таныстырып жүрген жас музыканттармен қауышады. Олардың арасында халықаралық деңгейде мойындалған, беделді байқаулардың лауреаттары Амина Ахметжанова (скрипка), Стефания Мохначева (скрипка) және Даниал Дүйсембаев (фортепиано) бар. Бұл концерттік бағдарлама шынайы эмоциялармен, кәсіби шеберлік пен шығармашылық өрлеуге толы музыкалық сапарға жетелейді.
Бағдарламада:
П.И. Чайковский. Скрипка мен оркестрге арналған ре мажор концерт, 1, 2 бөлімдері
С. Рахманинов. Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт
Г. Венявский. Скрипка мен оркестрге арналған түпнұсқа тақырыптарға вариациялар
П.И. Чайковский. Скрипка мен оркестрге арналған «Вальс-скерцо».
Бағдарламаға ерекше музыкалық әуен және көркемдік сән беретін танымал дирижерлар: Рахымжан Баспаев, Ильяс Дүйсен және Дастан Ибрагимов.
Бұл керемет кеш көрерменге жас таланттардың классикалық шығармаларды жаңаша түсініп, оларға шабыт пен ерекше көзқарас қосып, мәңгілік туындыларды ерекше қырынан паш ету мүмкіндігін сыйлайды.