Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйі
Мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 60
Музейдегі турдың ұзақтығы: 30-40 минут
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі — музей жабық.
Сейсенбі-жексенбі — 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Мереке және демалыс күндеріндегі музейдің жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі — музей жабық.
Сейсенбі-жексенбі — 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Жас шектеулері: жоқ
ХХ ғасырдың ұлы реформаторы, қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым-лингвист, қазақ филология ғылымының негізін қалаушы, ақын-аудармашы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйі 1993 жылы Алматыда ұйымдастырылды.
Мұражай қорында ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материал жинақталған, оның 300-і мемлекеттік мұрағаттың түпнұсқа құжаттары, 12 жеке және 27 ұжымдық фотосурет болып табылады.
Мұражай ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі ғылыми орталық болып табылады.
Мұражайда 500-ге жуық кітап, 250 әдеби журнал, ғылыми конференциялар материалдары мен газеттер тігілетін кітапхана жұмыс істейді.
Алматы қаласы әкімінің қаулысымен 2021 жылдың қазан айында мұражай үй «Алматы қаласының мұражайлар бірлестігі» КМҚК құрамына берілді.
Билет бағасына кіреді: | мұражайға, негізгі экспозицияға, сондай-ақ уақытша көрмелерге кіру. |
Мұражай ережелері: |
|
Билет құны (балалар/ересек/жеңілдікті): |
Балалар билеті – тегін Ересек билеті – 1000 тг Студентік билет – 500 тг Пенсионерлік билет – 300 тг Шетелдік азаматтар – 1500 тг |