тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

МУЗЫКА БЕЙНЕЛЕЙДІ ЖӘНЕ СУРЕТТЕЙДІ

Билет сатып алу

Балаларға арналған «Гаджетсіз уақыт» концерт топтамасы  

 «Музыка бейнелейді және әңгімелейді»

 Сегізінші концерт

КОНЦЕРТ ОРЫС ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

  Жас көрермендер мен олардың ата-аналарын «Гаджетсіз уақыт» бірегей топтамасының үшінші концерті – «Музыка бейнелейді және әңгімелейді» интерактивті музыкалық шытырман оқиғасына шақырамыз!

Балаға эстетикалық талғамда тәрбие беріп, классикалық музыкаға баулуды ерте жастан бастаған жөн. Баланың қиялы сиқырлы дыбыстарды көрнекті бейнелерге оңай айналдыра алады.

Концертте И.С.Бах, В.А.Моцарт, А.Вивальди, Й.Гайдн сынды кемеңгер композиторлардың бейнелеу бастауы айқын көрініс тапқан туындылары шырқалады.

Біздің музыкатанушылар кішкентай көрермендерге музыкалық аспаптардың мүмкіндіктері туралы қызықты әңгімелеп, композиторлар өздерінің жауһарларын қандай дыбыстық бояулармен салатынын көрнекі түрде  көрсетеді.  

Концерттік нөмірлер экран арқылы құммен салынатын суреттермен және ұлы суретшілердің пейжаздарымен сүйемелденеді.

Концертке «Астана Опера» театрының опера солистері, аспапшы музыканттары мен  камералық оркестрі қатысады.
Дирижер – Руслан Баймурзин.
Концерт жүргізушісі – музыкатанушы  Маржан Жәкенова

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.