Корея музыкасы, билері мен әндері
«Корея музыкасы, билері мен әндері»
концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Touring K-Arts жобасы Астана мен Алматыға гастрольдік тур аясында
корей дәстүрлі өнерінің «Корея музыкасы, билері мен әндері» концертін ұсынады. Бағдарламаға Ұлттық корей дәстүрлі музыкасы орталығы («Кугак») ұйымдастырған дәстүрлі музыка мен би бойынша «Оннара» ұлттық байқауының лауреаттары қатысады.
Концерт бағдарламасы сегіз нөмірден тұрады: аджэн санчо, пхансори, кагок, халық әндері, камералық музыка, сондай-ақ заманауи туындылар. Қазақстан жұртшылығы корей дәстүрлі өнерінің төлтума қазынасын тамашалап, әсіресе, «Ариран-сюита» сияқты шығармалар арқылы оның қайталанбас эмоциялық атмосферасын сезіне алады.
Әйгілі 11 әртістің өнер көрсетуі K-Arts дәстүрі мен көркемдік деңгейі тоғысының жарқын көрінісі болмақ. Бұл концерт көрермендерге корей толқыны – Халлю феноменін арқау еткен корей дәстүрлі өнерін тамашалауға мүмкіндік береді.
БАҒДАРЛАМА:
Аджэн санчо (аджэнге арналған жеке аспаптық пьеса)
Пхансори «Сугунга» — «Дәрілер туралы әннен» үзінді
(дәстүрлі корей музыкалық аңызы)
Кагок «Кёменчо Онрон» (классикалық вокалдық музыка жанры)
Халық әндері «Мирян Ариран» және «Чажин Пэнорэ»
Чхоннёнмансе «Мың жылдық өркендеу» (дәстүрлі камералық музыка)
«Чанханга» биі (лирикалық дәстүрлі би)
Frontier (заманауи корей музыкалық кроссовері)
Ариран-сюита (танымал корей халық әні)
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Ли Хвиcо (이휘서)
Чо Минсон (조민성)
Пак Чжэхёк (박재혁)
Ким Соджин (김서진)
Ли Сухо (이수호)
Чон Хонджу (정홍주)
О Тэджу (오대주)
Чон Сумин (전수민)
Бён Йесо (변예서)
Ли Чиын (이지은)
Но Ханыль (노하늘)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
