«Ревизор.Incognito» мюзиклі
XIV «DosStar» оперетта және мюзикл ашық фестивалі аясында
Өзбекстан мемлекеттік музыкалық комедия (оперетта) театры (Ташкент қ.) Н.Гоголь шығармасы бойынша қойылған «Ревизор.Incognito» мюзиклін ұсынады.
Жанры: мюзикл
Ұзақтығы: бір бөлімнен тұрады
Сахналық нұсқаның авторы: Р.Шерезданов
Дирижер және музыкалық жетекші: Б.Худойқұлов
Қоюшы режиссер: Р.Шерезданов
Қоюшы хореограф: М.Левицкая
Қоюшы суретші: Н.Глубокина
Костюмдер суретшісі: Н.Глубокина
Жарық бойынша суретші: А.Богданов
«Ревизор» неге әрдайым өзекті? Себебі адамдардың табиғаты өзгермейді, ал пенделік кемшіліктер мәңгілік. Гоголь өз пьесасында жағдайдың күлкілі әрі абсурдтық сипатын көрсеткісі келді. Бірақ бүгінгі күні бұл жағдай әлі де абсурд па? Бұл сұраққа актерлер көрерменмен бірге жауап іздейді.
Комедияның идеясы - мінсіз өмірге деген арман. Әр кейіпкер өз өмірінің өзгелерден бірнеше есе жақсы болуы тиіс деп сенеді.
Гогольдің мінезді кейіпкерлері арқылы, әсерлі музыка мен жарқын образдар арқылы көрерменді «емдеу», яғни, гогольдік кейіпкерлердің мысалында адам бойындағы ең жаман қасиеттерден арылту. «Кімге күлесіздер, мырзалар? Өзіңізге күлесіздер».
Қойылымда оркестрдің ішекті квинтеті орындайтын орыс халық әндері мен романс үлгілері пайдаланылады.