Не Просто Новый Год Астанада
ДӘСТҮР БОЙЫНША сіздер үшін жаңа жылдық тақырыпқа байланысты композициялар орындалады!
Біз — Қазақстандағы Алғашқы Тәуелсіз симфониялық оркестр, міне 8 жылдан бері Тыңдармандарды танымал сериалдар, кино, аниме және т.б. туындылардың музыкасын орындаумен қуантып келеміз. Жақын арада сіздің қалаңызға келіп, сіздермен симфониялық шығармалардың сиқырын бөлісуге қуаныштымыз!
Жаңартылған және кеңейтілген бағдарлама ешкімді бей-жай қалдырмайды!
«Үйде жалғыз қалғанда», «Нарния», «Тағдыр тәлкегі», «Қызметтегі махаббат», «Мұзды өлке», «Ну, погоди!», «Поляр экспресі», «Армандар сақшылары», «Анастасия», «Кавказ тұтқыны» және баршаның сүйікті жаңа жылдық әндері.
Сіздерді жанды дыбыс мұхиты мен керемет эмоциялар күтеді!
Концерт әрқайсысыңыз үшін арнайы жасалған. Ne Prosto Orchestra-мен бірге өзіңізге және жақындарыңызға ЖАЙ ҒАНА емес, ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаңыз!
