тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Жаңа жылдық ғажайыптар симфониясы (AstanaOpera)

Билет сатып алу

«Астана Опера» театрының фойесі           ХІІІ маусым

18 желтоқсан * бейсенбі * 12.00 / 19 желтоқсан * жұма * 12.00

20 желтоқсан * сенбі * 12.00/ 21 желтоқсан * жексенбі * 12.00

23 желтоқсан * сейсенбі * 12.00 / 24 желтоқсан * сәрсенбі * 12.00

25 желтоқсан * бейсенбі * 12.00 / 26 желтоқсан * жұма * 12.00

28 желтоқсан * жексенбі * 12.00 / 29 желтоқсан * дүйсенбі * 12.00

Балаларға арналған театрландырылған шоу

«Жаңа жылдық ғажайыптар симфониясы» бал-феериясы

Ұзақтығы – 1 сағат

Жас шектеуі 3+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Өзіңізге және балаларыңызға нағыз жаңа жылдық ғажайып сыйлаңыз!

«Астана Опера» театры сіздерді өнер мен уақыт шынайы сиқыр симфониясында тоғысатын ерекше шараға қатысуға шақырады!

Сән-салтанаты келіскен фойеде музыка мен жарықтан өрілген оқиға желісі өрбиді. Тізбектеле жалт-жұлт еткен хрусталь шамдар астында көрермендер әр залы құпияға тұнған Жаңа жылдық өнер кітапханасына тап болады. Мұнда сіздер жарық сақтаушысы Люмьер ханымды, сиқырлы уақыт шебері Сағатшыны және өнерді өз билігіне бағындыруды армандайтын жұмбақ Импресарионы жолықтырасыз.

Сиқырға қауіп төнгенде шақта жас көрермендер ғана үйлесімділікті орнына келтіріп, шыршаның шамын жағады және кейіпкерлерге Түнекті жеңуге қол ұшын бере алады!

Қатысушылар интерактивті шытырман оқиғаны бастан кешіреді: әр бүлдіршін спектакльдің толыққанды қатысушысына айналып, кейіпкерлермен бірге Жаңа жылдық сағатты іске қосуға, Скрипкалық кілтті табуға және театрдың басты шыршасының шамын жағуға көмектеседі. 

Жас көрермендерді ерекше жаңа жылдық сыйлықтар мен осы оқиға үшін арнайы жасалған фотоаймақта қойылым кейіпкерлерімен жүздесу күтуде.

Осынау  мереке театр, сиқыр мен көрермендерді бір тамаша көріністе шебер ұштастырады. Музыканың жандануын, шамдар жарығының құлпырғанын сезініп, Жаңа жыл сиқырының куәсі болыңыздар!

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.