97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
ALA SPACE

Парвиз Назаров Алматы қаласында

Билет сатып алу

Концерттік бағдарламада «Еду на юг», «Белые облака», «Крестная мать», «Лети», «Райхон» сияқты тыңдармандардың көңілдерінен щыққан танымал хиттер ұсынылмақ, сондай-ақ әртіс шығармашылығының жанкүйерлері соңғы жылдарда жаңадан жазылған туындыларды да тамашалайтын болады. 

1987 жылы Парвиз Назаров «Адвокат» музыкалық тобын құрды, онда ол барабаншы және вокалист болды.

1989 жылы ол «Парвин» атты жаңа ұжым жинады, онда Парвиз солист болып қана қоймай, өзі де музыка мен аранжировкалардың авторы болды.

1993 жылы Алматыға «Азия Дауысы» фестиваліне келіп, оны лирикалық музыкасы үшін қазақстандықтар бірден байқап, жылы лебіздеріне бөледі. 1994 жылы Парвиз өзінің әпкесі Ситорамен дуэт шығарды. Дуэт Парвиз & Ситора деп аталды. Дуэт бар болғаны 2 жыл бойы жалғасып, осындай қысқа уақыт ішінде ол тек Қазақстанда ғана емес, Отанымыздан шет елдерде де кеңінен танымал болды.

Парвиздің әндері көп жылдар бойы еліміздің хит-парадтарының алдыңғы қатарында орналасып келді. Оның «Белые облака», «Крестная мать», «Лети» әндерінде қазақстандықтардың бірнеше буыны өскен. Бүгінде ол қиыр және жақын шетелдің көптеген өңірлерінде гастрольдік сапарларға шығып, концерттер беріп келеді.

Әнші, ақын және композитор - Парвиз Назаров Қазақстанның музыкалық мәдениетінің көрнекті өкілдерінің бірі болып табылады. Музыканың, сөздердің және аранжировкалардың авторы.