ПЕРИЗАТ ОМАРБЕКОВАНЫҢ «БИ - ПАДИША» ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ
ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Шапағат» медалінің және «Құрмет» орденінің иегері, Қазақконцерттің солисі, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, атақты биші Перизат Омарбекова сахнадағы 25 жыл мерейтойы аясындағы «Би - падиша» атты жеке концертіне шақырады!
Перизат Омарбекова – қазақ және әлем халықтары билерінің орындаушысы, бекзат өнердің биігін бағындырған хас шебер. Венгрия, Чехия, Словакия, Германия, Турция, Швеция, Словения, Франция, Испания, Япония секілді шетелдерде өнер көрсетіп, әлемнің үздік сахналарында ұлттық биіміздің мәртебесін асқақтатқан өнерпаз шәкірт тәрбиелеп, би өнерін жетілдіру жолында қажымай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз.
Би өнерінде дара қолтаңбасы бар сахна саңлағы, «қазақтың Алтынайы», «қазақтың Айседорасы» атанып кеткен Перизат Омарбекованың концертінен қапы қалмаңыз!