Pick me
Сезімге толы, жарқын әрі ирониялы қойылым. Pick Me - әйел бостандығы туралы және би арқылы қалыптасқан стереотиптерді бұзуға болатынын дәлелдейтін спектакль.
Ағылшын тілді ортада қыздардың назар аудартуға тырысатын бейнесін сипаттайтын pick-me-girl ұғымы ARTиШОК театрының интерпретациясында жаңа мағынаға ие болады.
Актрисалар би арқылы өздерін, түрлі әйел образдары мен тағдырларын, мінездері мен мамандықтарын зерттей отырып, көрерменге басты «мені таңда» үндеуі ең алдымен өзіңе арналатынын көрсеткісі келеді.
Пьесаның режиссері Юлия Татаринцева былай дейді: «Қазіргі заманғы би - бұл еркіндік пен ережені бұзу. Би арқылы «әдемі» ұғымына қатысты қалыптасқан түсініктермен жұмыс істеуге болады. Күлкілі, бұрышты, толық, ересек, арық не ұзын болудан қорықпаңыз. Биде стереотиптер бір сәтте, тіпті киім таңдаған сәттің өзінде-ақ жойылады. Киім де, дене бітім де маңызды емес. Маңыздысы - бидің тіл екенін, ал ол тіл ерекше көзқарасты талап ететінін түсіну».
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Губка Боб: В поисках квадратных ...
Иллюзия обмана 3








