Теңіз қарақшыларының алтыны (КАТМК)
Кішкентай маймыл сырқаттанып қалыпты, ал оның достары Арыстан, Мысық және Тотықұс оған көмектесуге бар күшін салуда. Ем іздестіре жүріп, олар мұхиттағы әлдебір аралда барлық аурулардың емі болатын алтын шөп өсетінін біліпті. Осылайша Мысық пен Арыстан сол аралға жол тартуды ұйғарыпты.
Жолда оларға теңіз қарақшыларының кемесі кезігеді. Қарақшылар оларды тормен ұстап алып, кеменің діңгегіне байлап қояды.
Басты рөл Түлкіге берілген, ол қарақшылардың кемесіне ұсталып, солардың қатарына енеді. Кейіннен оған кемедегі орныққан тәртіп ұнамай, Түлкі өзінің жаңа достары - Арыстан, Мысық және Маймылға көмектесетін болады. Маймылға алтын шөптен жасалған шайды беріп, содан кейін ол өзінің ауруынан арылған екен.
Ертегі өте көркем, жарқын және кішкентай көрермендердің көңілінен сәтті шығатыны сөзсіз. Қойылым әсем әуен мен тәтті күйге толы. Кейіпкерлерді театр вокалистері дыбыстайды.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

