Пранк - Махаббат
Ғашық болудың бәрі ғажап емес. Сүйгенің дәл сондай сезіммен жауап бермесе, машақаты да мың-миллион. Ондай жағдайда не істеу керек? Тұла бойын махаббат жалыны шарпыған қос құрдас аяулысының жүрегін жаулай ала ма? «Сезім жолында жан құрбан» деген ғашықтар хикаясының соңы немен аяқталмақ?
Студенттік шақтың қызығы мен шыжығы мол шытырман оқиғаларының куәсі болғыңыз келсе, театрға асығыңыз! Ұтқыр әзіл, әдемі әуен, шытырман оқиғаға құрылған комедия студенттер өмірінің боямасыз болмысын паш етеді.
Қ.Жүнісов «ПРАНК - МАХАББАТ» /комедия/
Қоюшы режиссері – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері
Әндер – сөзі: Қанат Жүнісов, әні: Дәурен Серғазин
Аранжировка: Жандәулет Батай, Мәдениет саласының үздігі
Кейіпкерлер:
Тұрсынбек /бірінші курс студенті/ - Асылбек Әйтіш
Айсұлтан Жәлиева
Дастан /болашақ актер студент/ - Дәурен Серғазин,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ермек /жоғарғы курс студенті/ - Нұрбек Әділбек
Рүстем /жоғарғы курс студенті/ - Әбутәліп Әмре
Жеңіс /декан/ - Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ақмақта /комендант/ - Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері
Айым /студент/ - Айбибі Іскендірова
Мәдина /студент/ - Шехназа Кызыханова
Қымбат /студент/ - Лаззат Куанышева
Айнұр /1 курс студент/ - Әсем Жорабек
Әлия /1 курс студент/ - Жамал Нұржаубекова
Аяулым /1 курс студент/ - Саида Максумова
